-->

«Кел, Келінім» жобасының SMS дауыс беруді жүргізу ережелері


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен ұғымдар:
Ұйымдастырушы - «К АРТ ПРО» ЖШС
Телеканал - «КТК»
Аумағы – Қазақстан Республикасы

Ұялы байланыс операторы (СС Операторы) – «GSM Kazakhstan» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ - K`cell, ActiV, «КаР-Тел» ЖШС тауар белгілерімен, Beeline Қатысушы (Тұтынушы) – жоғарыда көрсетілген ұялы байланыс операторларының қызметін пайдаланатын кез-келген қабілетті жеке тұлға немесе заңды тұлға. Дауыс беру үшін қатысушылардың аты мен тегіне байланысты олардың реттік нөмірі апта сайын белгіленіп тұрады. Жобаның трансляциясы кезіңде, жоба веб-сайттында жарияланады.

1.1. Өзіңізге ұнаған үміткерге дауыс беру үшін СС Операторы арқылы 3075 нөміріне қатысушының реттік нөмерін жазып, SMS жібересіз.
1.2. SMS жауап ретінде: «Рахмет! Сіз ХХ қатысушы үшін дауыс бердіңіз», - деген ақпарат келеді.
1.3. Егер дауыс беру уақыты бітсе, онда абонент жауап ретінде: «Дауыс беру аяқталды! Келесі конкурс белгілі бір күні, айы, жылы басталады», - деген ақпарат алады.
1.4. Барлық СС Операторлары бойынша Қолданушылар сұранысының құны (12% ҚҚС есептегенде) 150 теңгені құрайды.
1.5. Дауыс беру осы Ережеде көрсетілген тәртіп пен шарттарға сай жүргізіледі.
1.6. Қатысушы (тұтынушы) осы Ережеде белгіленген өз әрекеттерінің шарттарымен және олардың салдарымен келіседі.
1.7. Қатысушы (тұтынушы) дауыс бере отырып, автоматты түрде Ереже шарттарын қабылдайды және онымен келіседі.
1.8. Бұл Ережелер веб-сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.