Кел, келінім!

youtube instagram telegram

Шоу туралы

Бізді Астана уақыты бойынша сағат 15.00-мен 18.00 аралығында КТК арнасында, сонымен қатар сайтымыздан тамашалай аласыздар

«Кел, келінім» бағдарламасы дүйсенбі мен жұма аралығы сағат 15:00 және 18:00 аралығында КТК арнасында тікелей эфирде жүретін реалити-шоу! Жоба мақсаты - жас жігіттер мен қыздарды отбасылық өмірге дайындау, олардың үлгілі келін мен абыройлы күйеужігіт атанып, шаңырақ көтеруіне себепші болу. Бағдарламадағы екі жұлдызды сарапшы қатысушыларды сан алуан тапсырмалар мен ойындар арқылы түрлі тұрмыстық жағдайларға бейімдеп, мәселелердің дұрыс шешілуіне бағыттап, жастардың өз теңін табуына ықпал етеді. Бағдарламаға алты жігіт пен алты қыз бала қатысады. Жоба қатысушыларының өзара көңіл жарастырып немесе сырттан оларды ұнатып келген үміткерлермен арақатынас құруына мүмкіндіктері бар. Алты жігіттің аналары жобадағы ұлдарын сырттай бақылап, бағыттап отырады. Ұлы белгілі бір арумен арақатынас өрбітіп, үйленуге бағыт ала бастаған кезде, жобаға анасы келіп, болашақ келінімен танысады. Әр апта бағдарламаға қатысуға ниет білдірген төрт үміткер, яғни екі қыз бен екі жігіт өз бақтарын сынайды. Және әр жұма бір жігіт пен бір қыз жобамен қош айтысады. Бағдарламада кімнің қалып, кімнің кететінін қатысушылар дауыс беру арқылы өздері шешеді. Олай болса, "Кел, келінімнің" қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Жетекші және сарапшылар

Тілеубекова Гүлбаушан Байжұманқызы «Кел, келінім» бағдарламасының жұлдызды сарапшысы. Алматы қаласы, Талғар ауданында шығармашылық отбасында дүниеге келген. Қазіргі таңда аяулы ана, немерелеріне сүйікті әже. Жастайынан өнер жолына жақын болып өскен Гүлбаушан Тілеубекова бүгінде танымал актриса, әнші. Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің «әнші» мамандығы бойынша, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "музыкалық комедия" бөлімінде «Алтынай сазген саз» фольклорлы ансамблінде, «Дәмді» бағдарламасында жүргізуші болған. 1977 - 2005 жылдары "Тамаша" әзіл-сықақ театрының белді актрисасы болды. Осы театрда жүріп, Республика жұртшылығына кеңінен танылған. Қазақстан халық әртісі. 2005 жылы әріптесі Данагүл Темірсұлтановамен бірігіп, "Аққу мен Гәкку" атты әзіл - сықақ театрын ашты. 2007 жылы Елбасының жарлығына сай "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағымен марапатталған.


Мұхит Сапарбаев – белгілі журналист, тележүргізуші. Өз шығармашылық жолында көптеген отандық телеарналарда қызмет жасап, бірнеше тележобалардың авторы болды. Атап айтсақ: 1. ОҚО-ғы «Отырар» арнасында «Час без родителей» бағдарламасының жүргізушісі; 2. «Қазақстан-Шымкент» арнасында «Үркер» және «Көңіл ашар» бағдарламаларының жүргізушісі; 3. «Хабар» агенттігінде «Жыл таңдауы», «Жас қанат» жобаларының сценаристі; 4. «Алматы» телеарнасында ақпараттық қызметте «Жаңалықтар» бөлімінде редактор-корреспондент; 5. «peoplenews.kz» ақпарттық агенттігінде бас редактор; 6. «Таң» телеарнасында «Разберемся» бағдарламасының авторы және жүргізушісі; 7. «ON TV» телеарнасындағы «Открытый диалог», «Сұхбат», «Главный герой», «Наше кино» жобаларының авторы, жүргізушісі және продюсері; 8. «MUZZONE» арнасының бас редакторы және бас продюсері; 9. «MEDIALIVE» компаниясында медиатренер қызметінде болды; 10. «31 арнада» «Неге?», «#1» жобаларының жүргізушісі және де «Айтылмаған әңгіме» ток-шоуының редакторы; Қазіргі таңда КТК арнасындағы «Кел, келінім» бағдарламасында жұлдызды сарапшы.

Болашақ күйеу балалар

Қарімбердиев Ринат
Көбірек
білу
Үміткер
боламын

Болашақ келіндер

Нуркасова Таңшолпан
Көбірек
білу
Үміткер
боламын
Қуанбаева Әйгерім
Көбірек
білу
Үміткер
боламын

Қатысушы болу

«Кел, келінім» бағдарламасында әр жұма сайын 12 қатысушының арасынан бір жігіт пен бір қыз жобадан шығады. Сіз де шоудың қатысушысы бола аласыз! Ол үшін сауалнаманы толтырып, бізге жіберу керек. Сауалнама қарастырылғаннан кейін, біз сізге міндетті түрде xабарласамыз!

Сауалнаманы толтыру

Эксклюзивті видео





Эксклюзивті видео